​«Енді менің де «тілім» ұзарады!»: Қайрат Нұртастың әйелі оқырмандарын ойландырып қойды

0
971

«Өміріме де, парақшама да есігімді қағып кіріңдер!»


​«Енді менің де «тілім» ұзарады!»: Қайрат Нұртастың әйелі оқырмандарын ойландырып қойды


Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Абдукаримова оқырмандарына тосын мәлімдеме жасады.


«Кеш жарық! Шыдамның да шегі бар! Енді үндемеу мүмкін емес! Осынша жасқа жетсем де бұған дейін «тілім» қысқа болды! Оны өзім де байқамаппын. Енді бәрін айтамын! Бірақ бәріне емес. Мен періште емес, пендемін. Менің де «тілім» ұзаратын сияқты. Бұл шындық тек менің жылдар бойы бірге келе жатқан оқырманыма арналады. Сол себепті парақшамды жабамын. Ендігілер өміріме де, парақшама да есігімді қағып кіріңіздер!» деп жазды Жұлдыз.


Айта кетейік, Жұлдыздың «Инстаграмын» 2 миллион 700 мыңнан аса адам оқиды. Енді оның жазбаларын көру үшін парақшасына өз рұқсатымен ғана кіруге болады.


Жұлдыздың жұмбақ мәлімдемесі оқырмандарын түрлі ойға жетелеген сияқты. Кейбіреулер мұны жеке өмірімен байланыстырса, енді бірі шығармашылық «хайп» деп баға беріп отыр. Ал Қайраттың әйелі бір тәуліктен соң парақшасына "Кешеден бері телефонға дамыл жоқ. Шынайы оқырмандарымды қатты уайымдатып алған сияқтымын. Толассыз хаттар үшін алғыс! Мені шын уайымдағандар мен өз қамын ойлап, қылпылдаған "жанашырларым" да көп болды. Бірақ "жанашырларым" көп сырым өзіммен бірге өлетінін білмейді екен, (енді біліп жүріңіздер). Ал оқырмандарыма менің айтпақ болған сырым мүлде басқа. Тілде сүйек жоқ, уақыт сағаты жеткенде том-том кітап болып, не завещание күйінде әйтеуір қағазға түсері анық" деген жазба қалдырды...