Күйеуі қалада болмаса да арнайы тапсырыс беріп кеткен.
Фото: Жеке парақшадан алынды
ERNUR.KZ. Танымал әнші Алтынай Жорабаева күйеуінің берген ерекше сыйлығын көрсетті, деп жазады stan.kz.
Әншінің жазуынша, күйеуі қалада болмаса да арнайы тапсырыс беріп кеткен.
"Қыздар! Сәуір айындағы сиреньді алдыңыздар ма?! Алиш кеше таңертең ерте Қостанайға шығып кетіп, түсте Жанидаға осындай сиреньге тапсырыс беріпті.
Жаным, Алла разы болсын! Мені қуантсаң, Алла сені қуантсын. Кешелі бері ары ойланып, бері ойланып, етегім ашылып кеткен жерін Индироктың мобилографына жөндетіп, бүгін салып отырмын. Әрине, салмай-ақ қоюға болушы еді… Бірақ салғым келді. “Бақыт тыныштықты сүйеді” деген жазғыштарға алдын ала ескерту: Мен онсыз да қуанышты, бақытты сәттерімнің минимализмін көрсетіп жүрмін", – деп жазды бақытты әнші.
Еске салайық, әнші қыста екі жылқының етін жеп қоятындарын айтқан еді.
“Ет жейтін қазақтармыз. Соғым шүйгін болсын! Бір қыста екі жылқы жеп қоямыз. Астанаға көшіп келгелі ет жейтін болыппын. Жалпы етті көп жемеуші едім. Мына тұрған бір жасар тайдың еті. Қыс бойы балконға сақтаймын”, – деген еді әнші.