Ішіп алған Жұбаныш Жексенұлы әуежайда өзін видеоға түсірген әйелді боқтап, соттан бір-ақ шықты

0
394

​Сот оған 78 640 теңге айыппұл салды.


Ішіп алған Жұбаныш Жексенұлы әуежайда өзін видеоға түсірген әйелді боқтап, соттан бір-ақ шықты

Фото: instagram.com/jubanishjeksen/

ERNUR.KZ. Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Жұбаныш Тоқсанбаевқа (халық арасында Жұбаныш Жексенұлы деген атпен танымал әнші) 78 640 теңге айыппұл салды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Сот материалдарына сенсек, осыдан төрт күн бұрын, 21 шілде күні түнгі сағат 00.30 шамасында Астана қаласының халықаралық әуежайында тұрған Жұбаныш Тоқсанбаев өзін видеоға түсіре бастаған әйелге балағат сөздер айтып, қоғамға ашық түрде құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзған.

«Сот ол құқық бұзушылық жасағанын мойындап, сол сәтте эмоционалдық күйде болғанын, істеген ісіне өкінетінін және кешірім сұраған. Жәбірленуші әйел оқиғаны растаған әрі сотта құқық бұзу факті бейнежазба арқылы дәлелденген», - деп хабарлайды сот.

Бұндай бұзақылық жасаған адам заң бойынша 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін қамалады немесе 20 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

«Сот істің мән-жайын, құқық бұзушының құқық бұзушылыққа дейінгі және кейінгі мінез-құлқын, сондай-ақ жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні мойындау мен шын жүректен өкінуін, жазаны ауырлататын мән-жайлар - құқық бұзушылықты алкогольдік масаң күйде жасағанын ескере отырып, 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салды», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.