​«Иттік жасады, жылап қайттым»: Танымал ақын Нұрболат Абдуллинге ренішін білдірді

0
14 530

«Тұрсынбектің тірлігі еркектікке жатпады»


​«Иттік жасады, жылап қайттым»: Танымал ақын Нұрболат Абдуллинге ренішін білдірді

Талай хит әндердің сөзін жазған ақын Ершат Қайболдиннің танымал әнші Нұрболат Абдуллинге өкпесі қара қазандай. Бұл туралы ол «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында жайып салды.


Талантты ақынның хит әндеріне алған ең жоғары қаламақысы 20 мың теңге болғанын айтып, көзіне жас алды. Және сол ақшаны Нұрболат Абдуллин ұсынғанда жылағанын айтты.


«Талай қазақ әншісінің бағын аштым деп ауыз толтырып, кеуде керіп айта аламын. Бірақ, бір жаман жерім, қай әнге сөз жазғанымды тез ұмытып қаламын. Көшеден жұрт танып, «мына әннің сөзін сен жазған жоқсың ба?» деп сұрағанда ғана есіме түседі.


Мұқағали атамыз «ақындық ардың ісі» деп айтқан. Барынша арлы болуға тырыстым. Ешқашан «маған осынша ақша бер, мен саған осындай өлең жазып берем» деп айтқан емеспін. Звондап «Ершат, осындай әнім бар, сөз керек» десе, «болды» деп жазып бере салам. Ең қымбат гонорарымды Нұрболат Абдуллиннің орындауындағы «Сен қорқақсың» деген әнге жазған өлеңіме алғанмын. Қаламақысы 20 мың теңге болды. Оны да Нұрболат бірден берген жоқ, тойларға шығып, әні танымал болған соі берді. «Хит боп кетсе берем» деген, одан кейін өзі хабарласып, 20 мың теңге ұсынды» деді ақын.


Ершат Қайболдин танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа да өкпелі екенін жеткізді. Оны әнші Ғазизхан Шекербеков Тұрсынбек Қабатов жүргізетін «Қайырлы таң, Қазақстан!» концертіне шақырып, өлең оқытқан. Сол кеште Тұрсынбек Қабатов ақынның артында тұрып, оны мазақ қылған.


«Тұрсынбектің қылығы еркектікке жатпайды. Кісінің артынан күлу деген мұсылмандыққа да жатпайды. Сол бағдарламаға шыққан кезде Тұрсынбектің олай істегенін білген жоқпын. Кейін эфирден көргенде байқадым.


Кезінде Уәлибек Әбдірайымов Заттыбекті концертке шақырып, хит қылып еді. Тұрсынбек те жерлесіміз, батыстың жігіттеріміз, мені де қолдап, демеп жіберер деп ойлап едім. Өзім көңілшек адаммын, сол концерттен жылап қайттым. Содан кейін ызам келіп, өлең жазғаным бар», - деді Ершат ақын.