Қайрат Нұртастың қызы тәтті сатып мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектескен

0
1 407

"Мен қасында жүріп, күнделікті көмектесе алмадым" - дейді анасы.


Қайрат Нұртастың қызы тәтті сатып мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектескен

Қайрат Нұртастың үлкен қызы өз қолымен тәттілер дайындап, сатқан және оны мүмкіндігі шектеулі балаларға көмекке беріпті. Бұл туралы әлеуметтік желіге анасы жазып, қызының еңбегін мақтанышпен айтты.

Жұлдыз Абдукаримова: Алматыдан сәлем!
Дипломдық жұмысымды аяқтап жатырмын. Қобалжып, абыроймен қорғауға дайындалып жүрмін.

Балаларыммен жағаласып, оқумен арпалысып жүргенімде тұңғышым өз жобасын абыроймен қорғап шықты.

Сезім оқу жылы басталғанда басқа мектепке ауысты. Ортасы, білім беру методикасы, мұғалімдері өзгергенде қалай болар екен деп уайымдағаным рас. Бірақ бірден кірісіп, айналасымен тіл табысып кетті.

Жыл басында әлеуметтік тақырыпқа, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға қол ұшын созуды мақсат етті. Жыл бойы тәттілер пісіріп, оны сатып, қаражат жинап, ақпарат таратып, бір баланың қажетін болса да өтеуге бар ынтасын салды.

Мен қасында жүріп, күнделікті көмектесе алмадым. Десе де өкінбеймін. Бұл жағдай баланың бойына жауапкершілік артты. Өздігімен шешім қабылдап, әрекет етуге баулыды. Нәтижеге ұмтылды.

Оқу жылының соңында жұмысының жемісін көрсетті. Мейірімді жүрегіңнен айналдым".



Бұл жазбаны көрген желі қолданушыларының бір тобы оны әкесіне ұқсатса, екінші тарабы нағашыларына ұқсайтынын айтуда. Сондай-ақ олар кішкентай қыздың батылдығы мен мейірімділігіне риза болып, "Әкесінен аумайтын қыз,бақытты қыз.Сезім өте сыпайы, ақылды қыз", Жарайсың Сезім. Тегі жаксы бала осындай болады" деп ақ тілектерін жазуда.