​"Қара ниетің мен дүбәра тіліңе ие бол!": Сәкен Майғазиев қазақ тілін менсінбегендерге шүйлікті

0
1 842

"Жақсылық жақпаса басқа жаққа көшіп кет"


​

"Музарт" тобының әншісі Сәкен Майғазиев қазақ тіліне менсінбеушілік танытқан "Бизнес fm" радиосын сынға алды.


"Ей, ҚАЗАҚ ұлтының, ҚАЗАҚ тілінің дұшпандары, сендерге не жетпейді?! Қара ниетің мен дүбәра тіліңе ие бол! Қазақ мәдениеті мен қазақ әдебиетінің сенің саяз санаңа сіңбегеніне қазақ халқы кінәлі емес. Жақсылық жақпаса басқа жаққа көшіп кет! "бизнес фм" радиосының "талғамы биік" продюсерсымағы, ҚАЗАҚ руханиятынан тілің мен қолыңды тарт! Қазақ музыкасы сендей дүбәраларлың тыңдағанына мұқтаж емес! Сен кімсің, бір-екі топты немесе әншіні ғана емес, күллі қазақ музыкасына баға беретін?! "Қазақпын" дейін десе тілі келмейтіндер, "орыспын" дейін десе тілі келмейтіндер, нағыз ҚАЗАҚ қоғамының зиянкештері сендерсіңдер, мәңгүрттер!" деп жазды Сәкен Майғазиев.

Әнші ақпарат құралдары саласында "қазақ тілі керек емес" дейтін арнайы топтардың пайда болғанын алға тартты.

"Радио, телеарналарда қазақ дубляжы, қазақ музыкасы, тіпті қазақ тілінің өзі керек емес деп атойлап жүрген дұшпандар бар. Біз "дін", анау-мынау деп бір-бірімізге жала жауып, өзара қырқыстырып қойып, өз ұпайларын асырып жатыр. Солардан абайлайықшы" деді әнші.