Қарақат Әбілдина: "Өз атын жабу үшін бір жақсыны құрбан ететін сұмырай саясат бар"

0
13 605

"Бүгінде, қазақтың бір азаматы, білікті маман иесі Елжан Амантайұлы Біртанов “жаптым жала, жақтым күйе” дегенге кетіп отыр" - дейді әнші.


Қарақат Әбілдина:

Қазір Түркияда тұратын әнші Қарақат Әбілдина Біртановты қорғап жазба жариялады. Оның айтуынша, Біртанов жалған жаланың құрбаны. Оны танитын адам ретінде, ол халықты оны қорғауға шақырды. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасына жазған.

Қарақат Әбілдина: “Жау алыстан келмейді“ деген сөз бар қазақта. Кей жағдайды көріп ішің күйгенде бұл сөзбен келіспеске амалың қалмайды. Қолынан іс келетін азаматты аяқтан шалу, жала жауып, күйе жағу - қазақтың қанына сіңіп кеткен баяғы қасиеті. Ащы да болса шындық. Мұндайға етіміз де үйреніп кетті ме, шімірікпей жаланы жауып келіп отыра беретін жұртқа айналдық.


Бүгінде, қазақтың бір азаматы, білікті маман иесі Елжан Амантайұлы Біртанов “жаптым жала, жақтым күйе” дегенге кетіп отыр.



Өзін танимыз. Адалдығын, азаматтығын білеміз. Әкесі де денсаулық саласына еңбегі сіңген құрметті адам. Сондай әкенің аса қатал, қатаң, мықты тәрбиесімен өскен ұлдың ондай әрекетке баратынына сенбейміз.

Біртановтай азаматтың “кім жұмыс жасайды, соның аяғынан шалатын әдейі қастандықтың” жемтігі болып кетпесе екен деген тілек.

Айды етегіңмен жасыра алмайсың, өз атын жабу үшін бір жақсыны құрбан ететін сұмырай саясат бар елімізде. Сол сұрқия саясаттың кезекті құрбаны ретінде Біртановты көздеп отырғанын көп қазақ іші сезіп, біліп те отыр!

Үнсіз қалуға болмайды! Ұлыңды қорға, қолда Қазақ елі!

Мен Елжан Біртановты айыптауға қарсымын!".

Әншінің бұл жазбасын оқыған оқырмандарының ойы екіге бөлінген. Олардың бір тарабы қаншама жылдан бері медицина саласының дамымағанын айтып налыса, келесі тарабы Біртановтың ақ екеніне сенеді.

Оған "Мен де солай ойлаймын! Қаймақ жеген құтылар, қаспақ жеген тұтылардың нағыз кері! Қолынан іс келетін азаматтарды үнемі осылай жасайды. Біздің билікте де, сотта да әділдік жоқ", "Мен де қарсымын ол кісі жақсы адам ақталып шықсын аллам оған жар болсын аман болсын кінәсіз адам қамалып кетпесін" деген пікірлері дәлел.