"Қарақшы жастар мен тонаушы топастар... ": Мұхамеджан Тазабек көптің талқысына түсті

0
1 357

"... бар кезде жемқорлықтан құтылу қиын"


Айтыскер ақын, дінтанушы, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабеков фэйсбук әлеуметтік желісінде ой айтамын деп көптің талқысына қалды.



Дәл осылай деп жазған қоғам белсендісінің постының астына белгілі кәсіпкер Талғат Исахов: «Таза қарақшы, жемқорларды жастардың кешегі жасаған қылығымен салыстырмау керек. Кімнің қарақшы, кімнің жемқор екенін халық біледі. Жастарға ондай ауыр сөз айтпаңыз!» десе, тағы бір оқырман: «Террордың көбісі салафиттер деген ақпараттар тарап жатыр. Осы террорлық әрекетке сіздің қатысыңыз бар ма? Сұрағым ыңғайсыздау. Дегенмен, жалпақ жұрт сізді салафит деп жүр», - деді.


Танымал тележүргізуші Есен Елеукен: «Мен Мұхаңның дәл осы сөзімен келісе алмаймын. Алдындағы біздің өзіміз жалпақшешейлік пен жағымпаздықтан арыла алмай отырмыз. Жастарға беретін тәрбиеміздііспен дәлелдей алмай отырмыз ғой. «Алдыңғы арба қайда жүрсенің» кебі ғой, Мұха! Қазір жастарға кінә артатын, олардан түңілетін кез емес, оларға демеу беретін, қолдау білдіру үшін жұмыс істейтін кез. Билік пен халықтың арасында алшақтық болса да, ілгері буын мен кейінгі буынның арасы үзілмеуі тиіс», - деп жазды.


Журналист Жандос Байділда: «Осы кісі бірдеңе жазса митингке шыққым келеді. Ақылгөйсінбей, елге ақыл айтпай жайына жүрсе дейсің» деді.


Желіде шу болған Мұхамеджан Тазабектің жазбасы артынша желіден алынып тасталды. Сонда да оқырмандар скрин күйінде талқылауда.