«Қазақстан дауысында» дүйім елді таңғалдырған қыз кім?

0
2 786

«Дауысы Сырдың самал желіндей»: Қазақ ән өнеріне жаңа есім қосылды!


«Қазақстан дауысында» дүйім елді таңғалдырған қыз кім?

«Қазақстан дауысы» жобасына бағын сынауға келген Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Амангелді ауылының тумасы Құралай Мейрамбек бір ғана «Қорқыт-Қобыз» әнімен төрт тәлімгерді ғана емес, көгілдір экранның арғы жағындағы өнерсүйер көрерменді де таңғалдырды.

«Сөз жеткізбегенді ән жеткізеді. Сенің орындауыңда мына ән ерекше шықты» деді әнші Сәкен Майғазиев.

Ал «Таңшолпан» бағдарламасында тележүргізуші, әнші Гүлнұр Оразымбетова Құралайдың өнеріне қолдау көрсетіп, оған арнайы сыйлығын тарту етті.


«Осыдан 22 жыл бұрын жарық көрген, менің бағымды ашқан «Қорқыт-Қобыз» әні жаңаша иірімдермен толықты. Республикалық «Жас қанат – 2000»-да бас жүлдеге ие болып, 2000 жылғы халықаралық «Азия дауысы» фестивалінің «Үздік әні» және осы әннің авторы, композитор Рамазан Тайманов «Үздік композитор» атанған құдіретті ән жалғасын тапты.
@qazaqstantv арнасындағы «Қазақстан дауысы» жобасы ел ішінде жүрген талантты жандардың жұлдызын жағып, бағын ашуда бар мүмкіндікті жасап отыр.
Осындай мегажобаны жоғары деңгейде ұсынғаны үшін @qazaqstantv арнасына алғысым шексіз.
Құралайға келсек, Сыр елінің тумасы. Жасы 18де. Талантты. Жанып тұр. Құралайдың сахнадағы энергетикасын көріп, осыдан 21 жыл бұрынғы өзімді көргендей болдым»
, - деді әнші Гүлнұр Оразымбетова.

«DYETA.KZ» тобының әншісі Жасұлан Базарбай да инстаграм желісінде Құралайдың өнерін қолдайтынын білдірді. «Бұрын @nurzhan_kermenbayev «Суперstar»-ға қатысқанда осы жеңеді ау деп қолдаушы болған едім, кейін «Музартlive» @nurhat_segizbay інім жеңеді деп қолдаушы болдым. Енді осы @kuralay_meyrambek қарындасым жеңеді деп жанкүйер боламын, үмітін алдамайтын едің ғой», - деп жазды әнші.