«Қазақтың мұсылман ГЕЙЛЕРІ»: Желіде осындай тақырыппен фильм түсірген режиссер қызу талқыға түсті

0
1 774

«Діннен садаға кеткірлер!»


«Қазақтың мұсылман ГЕЙЛЕРІ»: Желіде осындай тақырыппен фильм түсірген режиссер қызу талқыға түсті

Белгілі блогер Жан Ахмадиев парақшасында жаға ұстатарлық жаңалықпен бөлісті. Ол «Қазақтың мұсылман ГЕЙЛЕРІ» деген тақырыппен фильм түсірген Әсел Аушакимова деген режиссерді шығарды. Айтуынша, бұл фильмді шетелдік кинофестивальдерде көрсетпекші екен.

– Масқара ғой! Мына Әсел Аушакимова деген режиссер қатын “Қазақтың мұсылман ГЕЙЛЕРІ” деп аталатын фильм түсіріпті! Оған қоса бұл фильмді шет елдік кино-фестивальларда көрсетпекші. Жетіскен екенбіз!

Бұл фильмнің сценарийі бойынша жас қазақ жігіті намазын оқып, жұмысына барады, одан соң үйіне қайтады. Оның қолында неке жүзігі бар. Алайда, оны үйінде әйелі емес, сүйікті еркегі күтіп отыр.

Міне, "Сталкер" киномектебінің түлегі Әсел Аушакимова өзінің "I am tired" ("Я устал", "Мен шаршадым") қысқаметражды фильмінде осылайша "мұсылман-көгілдірлерінің" өмірі туралы айтты, - дейді Жан Ахмадиев.



Белгілі болғандай, Әсел Аушакимованың "Мен шаршадым" деген "мұсылман-көгілдірлері" туралы фильмі 2017 жылы түсіріліпті.

Желідегілер Әсел Аушакимова деген режиссерді қызу талқылауға кірісіп кетті.

«Қазаққа неге бәрі өш болып алған. Тілге тиісіп, дінге тиісіп, ұлтқа тиісіп. Бұндайларды қамап тастау керек», «Құдай сақтасын, ақырзаман емей бұд не енді?», «Естімеген елде көп, масқара!», «Шығуына жол бермесе жақсы болар еді», «Басын жұлып алу керек» деген сияқты пікірлерін қалдыруда.