"Қазір аяғы ауыр": Индира Расылхан күйеуі тастап кеткен құрбысына қалай көмектескенін айтты

0
2 259

Әнші алғашында құрбысына "Ажырас" деп кеңес берген.


Белгілі әнші Индира Расылхан құрбысының отбасын қалай сақтап қалғанын айтып берді. Әншінің айтуынша, ол құрбысына психологиялық кеңес беріп, өзімен жұмыс істеуге көмектескен. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазды.

Индира Расылхан: ПОДРУГАМНЫҢ ӨМІРІ. Неше жылдан бері дос болып келе жатқан бір келіншек бар. Танысқаннан бері, мені сыйлаудан, мен оны құрметтеуден жалыққан емеспіз. Бір-бірімізбен өте жақын сырлас болып кеттік. Бірақ, күйеуімен ырду-дырду болатын да жүретін. Мен ол кезде қайбір ақыл айтатындай едім? Өзімнің миым быт-шыт, ақылым айран болып жүрген кезім ғой. Осыдан 4 жыл бұрын солай өмір сүргендігімді жасырмаймын.

В голове своих тараканов валом было. Арада біраз уақыт хабарсыз кетіп қалып жүрдік. Шыны керек отбасымен реттеліп алсыншы деп ойлайтынмын.
Бір күні өзі хабарласты.
-Индира, жаным сол! Мен біттім, құрыдым, күйеуім үйден кет деп жатыр,- деп. “Неге?” десем, “басқа әйелге үйленем деп жатыр” деп жылайды. Ол кезде Индекең психологияға тойып алған.
Содан екеуміз разбор жасадық.
Менің сол баяғы сөзім ғой “Онда ажырас” дедім.

-Ой, мен онсыз өмір сүре алмаймын, қырым- сырым,- деп өзінің сезімін айтып кетті. Мен оны естігенімен де, ол өзін дым естімеді. Содан апам тағы жоқ болды. Себебі, мен жаман кеңес берген, нашар дос болып шықтым ба білмедім.
Бір күні тағы да жазады.
-Мен күйеуімнен кеткеніме 2 ай болды, енді не істеймін?-деп жылайды.
-Өлмейсің,- дедім.
Содан екеуміз біраз сөйлестік. Бағыт беруге тырыстым. Көңілін аулауға тырыстым. Тоқетері, “Менің тапсырмаларымды орындашы” дедім.
“Ой, мен ондайды түсінбеймін” деп жатыр еді, “сенде басқа амал жоқ” дедім. “Аллаға бәрін тапсыр да, өзіңмен жұмыс жаса” дедім де, телеграм каналымдағы видео сабақтарымды жібердім.
Әдеттегідей “Иә, иә” деп лишь бы осы қатыннан құтылайыншы дегендей асығыс әңгіме аяқталды.
Мен обычно жұмыс жасаған адамдарыма көп хабарласпаймын.
Мен қанша айтқанымен де, өз өміріне өзі жауапкершілікпен қарамай, ешкімді заставить ету мүмкін емес екендігін білемін.
Содан 10 күн дегенде, апм жазады.
-Индиркаааааа! Саған күшті жаңалығым бар,- деп. Ойбай, не болып қалды екен деп, голосовойын жібергенше асыққаным- ай.
-Индирка, сенің тапсырмаларыңның екеуін жасағанмын ғой, Алланың қалауымен куйеуім звандап, баламыз екеумізді түскі асқа шақырды,- дейді.
СубханАллаһ! Мен үшін де өте тамаша жаңалық болды.
-Индирака, сен өзің кінәлісің деп айтқанда, саған ашуым келетін еді, өзіммен жұмыс жасап, шынында да өзімнің кінәмді түсіндім,- деді.

Содан сол подругам қайта жолдасымен қосылып, неше жыл көтере алмай жүрген еді, аяғы ауыр болып, жақында босануы керек.
Айтпақшы, бір хабарласып қояйыншы. Босанды ма екен?
Сүйінші сұраймын сіздерден, дайын болыңыздар".


Мұны оқыған оқырмандары жақсы нәтижеге тамсанып, жақсы ой-тілектерін жазып жатыр. Олар да психологияның көмегімен өз мәселелерін қалай шешуге болатынын сұраған.