​«Кеткен – келді, өшкен – жанды...»: ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы дүниеге келді

0
8 207

«Елдің тілеуі қабыл болды»


​«Кеткен – келді, өшкен – жанды...»: ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы дүниеге келді


Жыл басында ұлынын қапыда айырылып қалған айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының отбасында қуанышты жаңалық орын алды. Ақын ұлды болды. Айтыскер Сара Тоқтамысова жаңалықты жария етіп, көпшіліктен сүйінші сұрады.


«Сүйінші, ағайын! Алла ұлық! Бүгін ақ түйенің қарыны ақтарылған күн. Серікзат ағам ұлды болды. Қуаныштан көңілім босап тұр. Ел тілеуі қабыл болды. Алланың салих құлдарынан болсын! Балапан ғұмырлы болсын! Ағатайым, Айнұр жеңгем екеуіңізді алақанда аялайтын нағыз жігіттің Сұлтаны болсын. Тілек жазып отыруды ұмытпаңыздар. Жақсылықты бөліссең, көбейеді» деп жазды Сара Тоқтамысова.


Көпшілік айтыскер ақынды қуанышымен құттықтап, ақ тілегін арнады. «Алланың берері көп деуші еді, бергеніңді алсаң да, береріңді алма» деуші деді үлкендер. Бауы берік болсын!», «Ғайып Ерен, қырық шілтен періште шылауына алсын, балапанды! Сансыз шүкірлік! Тәуба!», «Кеткен келді, өшкен жанды деп осындайды айтқан шығар, бауы берік болсын!», «Серікзаттай ақынның перзенттері көп болсын, артынан ере берсін!», «Құдай көптің тілеуін қабыл алған екен, құттықтаймыз», «Алла алғанының орнын толтырды, шүкір» деп жазды желі қолданушылары.


Еске сала кетейік, Серікзат Дүйсенғазының екі қыз, бір ұлы бар еді. Жастайынан зерек, білімге құмар боп өскен ұлы Әлихан жыл басында Көкшетаудағы демалыс орнында сырғанап жүріп оқыстан қаза болған. Оған бүкіл елдің қабырғасы қайысып, көңіл айтқан еді.