“Күйеуім мені түсінбейді!”: Жұлдыз Абдукаримованың бұл жазбасын оқырмандары түсінбей қалды

0
7 382

"Көп әйелдің ішкі өкпесі осы" -, дейді актриса.


“Күйеуім мені түсінбейді!”: Жұлдыз Абдукаримованың бұл жазбасын оқырмандары түсінбей қалды

Белгілі мега жұлдыздың жары, актриса Жұлдыз Абдукаримова "Күйеуім мені түсінбейді" деп жүрген әйелдерге жазба арнады. Оның айтуынша, көп әйелді осы мәселе мазалайды екен.

Бұл туралы Жұлдыз Абдукаримова: “Күйеуім мені түсінбейді!” Көп әйелдің ішкі өкпесі осы. Оңаша қалғанда “Біз мүлде бөтен адамдар сияқтымыз” деп ойлайды. Ондай күмән енді тұрмыс құрайын деп жүрген қыздарда да, тұрмыстағы келіншектерде де кездеседі.
❇️ Жиі ұрысамыз
❇️Маған көңіл бөлмейді
❇️Ортақ әңгімеміз де жоқ
❇️Басқаға көңілі бар-ау
❇️Ашулана беремін
❇️Күйеуіме ренжіп тұрып, балама айқайлап жіберемін
❇️Тұрмысқа шығудан қорқамын
❇️Ол тиран боп шықса қайтемін
❇️Ол жалқау, аз табыс табады
❇️ Гүл, сыйлық сыйламайды

Егер осы аталғандардың біреуі болса да сіздің басыңыздан өтіп жатса, сөзіме құлақ асыңыз. Бұл өтіп жатқан уақыт емес - ӨМІР! Әрі қарай ит пен мысық боп күмәнмен өмір сүру де, не армандаған баянды қарым-қатынас орнату да - СІЗДІҢ ТАҢДАУЫҢЫЗ!"
дейді.


Әрі қарай актриса өзінің курс бастағалы жатқанын айтқан. Соған қатысу арқылы өз таңдауыңызды шеше аласыз дейді ол.

Мұны оқып, оның видеодағы сөздерін тыңдаған желі оқырмандары өздеріне сабырлық келгенін, ойланып қалғандарын жазуда. Олар "Керемет сөздер ой салатын адамды сабырға шақыратын осындай керемет ой толғауларың көбейсін жалғастыра бер тик ток билеп секеңдегеннен осы жақсы жарайсың Жұлдыз!" деп алдағы уақытта Жұлдыздың қара сөздерін шығаруға кеңес беруде.