"ҚҰРБАН БОЛДЫМ, АЛДАНДЫМ": Ринат Заитов Қосановқа алданып қалғанын айтты (ВИДЕО)

0
7 744

Әміржан Қосанов Ринатты не үшін алдады?


фото: ашық дереккөзден

Қарапайым халықтың сөзін сөйлеп, билікке қарсы шыққан айтыскер ақын елге видео-мәлімдеме жасады. Ол өз сөзінде сайлаудың әділетсіз өткендігін алға тартып, қолдаған кандидатурасына алданып қалғанын жариялаған. Бұл туралы ақын инстаграмдағы өзінің ресми парақшасындағы бейнежазбадан байқауға болады.

Бүгінге дейін өзінің қолдап келген адамдарын екіжүздіге балап, айтқан ойларынан айнып кеткенін айтқан Ринат Зайтов, халық қайда болса, мен сондамын деп дабыл қағады. Елдің сөзін сөйлеп, билікке қарсы сөзді ашынбай айтып жүрген ақын, алған бетімнен таймайтынын айтып отыр.

"Қадірменді ағайындар! Артық сылтаудың, артық әңгімені айтудың дәл осы жерде орны жоқ шығар. Сондықтан жеке өз пікірімді айтайын. Мен Ринат Заитов осы сайлауды заңсыз деп танимын. Себебі, бір емес ондаған заңсыздықты өз көзіммен көрдім, жеке жүріп таныс болдым. Басқа Әміржан Қосановтың, Дос Көшімнің жасаған комбинациясына иә, құрбан болдым, иә, алдандым. Бірақ, мен ешкімді алдаған жоқпын. Сенгенім үшін айыптасаңыздар, ол өздеріңіздің еншілеріңізде. Бірақ, дәл қазіргі уақытта, ертеңгі таң атқалы тұрған уақытта, екі-үш-ақ сағат қалды, есігімнің алдында, сыртында тыңшылардың жүргеніне қарамастан, сіздерге айтамын. Ер-азамат ешқашан екі сөйлемейді. Мен сіздерге уәде бердім, халық қайда болады, мен сонда боламын. Демек, мен сіздердің қастарыңыздамын. Жазғырамын десеңіздер өздеріңіз біліңіздер",- деп өзінің жеке ойымен бөлісті.


ERNUR.KZ