"Қыздарымның суреті келді": Демалысқа барған Сәкен Майғазиев Италиядан жедел қайтуға мәжбүр болған

0
7 972

Оған себеп - екі қызының суреті екен.


Белгілі әнші Сәкен Майғазиев өзінің осыдан төрт жыл бұрын Италияға барғанын, бірақ екі күннен кейін қайтуға мәжбүр болғанын айтты. Оны мәжбүр еткен - әкелік махаббат.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

"АЛЛАның қалауымен, 2017 жылы отау тіккенімізге 20 жыл толуына орай балаларымның анасына Италияны көріп кайтпаққа жеті күнге жолдама сыйладым. Екі күннен кейін Алматыда қалған екі кызымның мына суреті келіпті. Жердегі суретті өздері салыпты. Ертесіне елге қайтамыз деп шештік. Не деген тартылыс күші десеңші. Аналар мен балалар жыламасын. Жақындарымыз жанымызда болсын" , - дейді ол.

Сәкен Майғазиевтің бұл жазбасын оқыған тыңдармандар әншінің балаларына деген махаббатына тәнті болып, өздерінің де аналық махаббаттары туралы жазуда. Олар "Мен де екі ұлым үшін шығарда жаным бөлек", "Мына суретті көріп менің жүрегім ауырып кетті ғой" деген сияқты пікірлерін жазуда.

Кейбірі қалжығдап "Күнде барып жүрген Италия емес, қайтпаңыздар" деген ойларын жазды.