«Үйдің бір қабырғасын бұзып, алып тастадық»
Танымал әзілкеш, «Әзіл әлемі» театрының жетекшісі Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова достарының басын қосып, шаңырағын көрсетті. Келген қонақтар дастархан басына жайғасқанша зәулім үйді аралап, видеоға түсіріп, желіге жүктеді.
«Кіре берісті толық өзгертіп, бір қабырғаны алып тастадық. Содан мынадай холл шықты, келген қонақтар демалып, теледидар көріп отыруға ыңғайлы етіп жасадық. Басында бұл үйді кәрістер салған ғой, өздеріне ыңғайлы етіп. Ал біз, қазақтар, алдымен қонақты ойлаймыз.
Үйдің аумағы 300 шаршы метр. Ұлдар мен қыздардың бөлмесі бөлек орналасқан. Гардеробтың өзі бір бөлмені алып тұр. Менің жеке сахналық киімдерім мен заттарым бөлек гардеробта тұр. Балалардың заттарына араластырмаймын. Көзілдірікті жақсы көретін болғасын бір сөреге тек менің көзілдіріктен коллекциям қойылған», - деп мақтанды актердың әйелі.
Сонымен қатар үйінің тең жартысын алып жатқан ас үйін де аралатты.
«Менің жұлдызды ас үйім. Осы жерден видео салсам, өте көп қаралым жинайды. Мұнда екі қойма бар. Артық заттарды шығарып, түк болмағандай түсіре береміз. Ас үйден бірден қонақ бөлмесіне өтесіз. Ол бөлмемізді де әдейі кең етіп жасадық. Қонақ өте жиі келеді. Сондықтан сыймай қалмасын дедік. Негізі шашылып жатқан бөлмелерімді көрсетпедім», – деп ағынан жарылды продюсер.
Қабатовтың көпқабатты үйдегі зәулім пәтерін көргендер де әртүрлі пікір білдірді. «Көріп отырып адасып қалдық қой», «Тұрсынбектің арқасы», «Мақтаншақ әйел, мыналар өтірік мақтаған сайын жарылып жатыр», «Тұрсынбектің үйі осындай болмаса қайдам енді», «Ығы-жығы екен, ақша бар, талғам жоқ», «Қайраттың шешесі сияқты мақтана береді, екінші Гүлзира болды бұл да", «Әдемі екен, бізге де нәсіп етсін» деп жазды желі қолданушылары.
@jaksy_adamdarym ♬ оригинальный звук - Жалмауыз блогер