"Мойнымдағы арқан бәрін жеткізіп тұр": Танымал актриса Иран халқының күйін жеткізді

0
1 473


Актриса әрі модель Махлага Джабери Канн кинофестивалінде ерекше киімімен көзге түсті. Ол киімі арқылы БАҚ назарын туған елі Иранға аударғысы келген. Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасына жариялады.

"76-шы Канн кинофестивалі 2-ші сурет. Менің дизайнерлік көйлегім @jilaatelier . Олар Каннның гламурын көру үшін сәнді үлгі жасағысы келді, бірақ одан да маңыздысы - ирандықтардың заңсыз өлім жазасына кесілуіне БАҚ назарын аудару. Өкінішке орай, кинофестивальде саяси мәлімдемелер жасалмайды және күзет маған көйлектің артқы жағын көрсетуге кедергі болды, бірақ "ілмектің" мағынасы бәрін жақсы беріп тұр. Менің керемет командама тағы да рахмет" деп жазды актриса.

Мойнына асылған арқан мен қара түсті көйлек барлық БАҚ-тың назарын аудартпай қоймады. Бірнеше күннен бері әлемдің ақпарат парақшалары оның батылдығы мен тапқырлығын жарыса жазып жатыр.