"Мөңке би айтқысы келіп, бірақ айтпағандарын" ақын Балғынбек айтты

0
4 958

Айтыскер Балғынбек Имашев соңғы 10 жылдағы Қазақстанға шолу жасап, өзгенің айта алмағанын жазды...


Айтыстардың жеңімпазы, ақын Балғынбек Имашев инстаграм парақшасында еліміздің соңғы 10 жылындағы өзгерістерді нақты атап көрсетті. Бұл ащы да болса шындық!

balgynbek_imash:

Қилы-қилы заман болар,
Қарағай басын шортан шалар.
Алладан безіп, адам қор болар,
Табынғандары ғаламтор болар.
Көргені Дресс код болар,
Ергені флешмоб болар.

(Мөңке би айтқысы келген, бірақ айтпаған)
***
Он жылда не өзгерді? Білемісіз?
Үдеріс байқаймысыз үнемі сіз?
"Өлсем орным қара жер, сыз" деуші еді,
Бұл күнде тірілердің жүрегі сыз.
***
Он жылда Анамыздың тілі өзгерді,
Жасанды әншілердің үні өзгерді.
Еркекке сырға тағып, шашын бояп,
Шығардық төрімізге кіл ездерді.
***
Он жылда атамыздың діні өзгерді,
Өйткені, құлшылықтың түрі өзгерді.
Алла деп "Крещениеде" суға түскен,
Мұсылманға мұнафиқ мінез келді.
***
Он жылда "Нұротанның" нұры өзгерді,
Өткізді EXPO, саммит, съездерді.
"Рухани жаңғыру" деп ұран салды,
Құрансыз құр ұраннан кім өзгерді?
***
Он жылда қыз өзгерді, ұл өзгерді,
Бас әрпі Милицияның П-ға өзгерді.
Полицейге пысқырмас педофил мен,
Денисін өлтіргенді бұ көз көрді.
***
Армян, курд, шешен, тәжік тайраңдады,
Ата Заң қорғаныңа айналмады.
Киікті қорғаған ер көз жұмса да,
Қылмыскер еркіндікте сайрандады.
***
Ботекспен ессіз қыздың еріні өсті,
Жасанды силиконмен желін өсті.
Келіннің сәукелесі мазақ болып,
Қазақтың сағы сынып, көңілі өшті.
***
Ұмытып бабасының айран, құртын,
Талайлар салт-санадан тайған бұл күн.
Желіге онжылдығын жарыса сап,


Желігіп жатқан менің, қайран жұртым...

Айтыскердің дөп айтқанына оқырмандар риза болғанын "Жарайсың!", "Мықты айттыңыз!" деген пікірлерімен білдірді.

Ал, оқырман, сіз де айта отырыңыз! Айтыскер ақын өлеңінде қамтымаған тағы да қандай өзгеріс болды?

"Он жылда не өзгерді? Білемісіз?.." деген тақырыпта Қазақстанның соңғы 10 жылдағы өзгерістерін жаза отырайық, жастар оқып ой түйсін!

фото: balgynbek_imash

ERNUR.KZ

Тағы да оқи отырыңыз:


«ХАЙПЕРҒАЛИ ХАЙПЕРӘЛІ», «Малшы болғысы келетін ӘНШІ» - кімдер?


«Құтырайын депті ҚАРТАЙҒАНДА...» - "Қалаулымның" түркістандық қатысушысы көптің сынына қалды


«Жолдасыңызға ТАЗАЛАТЫП ҚОЙҒАН не деген мықты әйелсіз» - оқырман Дана Нұржігітке сүйсінді (ВИДЕО)