20 жылдан соң дүниеге келген сәби кімнің қызы?
Өмірде де, сахнада да жұбы жазылмаған қос әнші Жанболат пен Жазираны танымайтын жандар кемде-кем. Өнерімен елді тәнті еткен әншілердің отбасы 2019 жылы сүп-сүйкімді Дара есімді қыз баламен толыққан еді. Бұл жаңалық өнер иелерінің тыңдармандарын ғана емес, шоу-бизнес өкілдерін де таңғалдырды. Өнерпаздардың тұңғыш ұлдарынан кейін 20 жыл бойы күткен сәбиі жайлы алып-қашпа сөздер әлі күнге толастар емес.
Жазира Байырбекованың аяғы ауыр кезін көрмеген желі қолданушылары әнші қызды асырып алған, не болмаса суррогат ананың көмегіне жүгінге деген де пікір жазған болатын.
Жанболат пен Жазира отбасы жайлы жазылған түрлі пікірлерге қатысты өз ойларын ашық айтқан емес. Екінші мәрте ана атанған эстрада жұлдызы Инстаграм парақшасында сәбиінің Жанболат Ербатыровтан айнымай қалғанын жеткізген еді.
Бірақ қос әншінің 20 жасар ұлы Қазбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қарындасы жайлы жазба жарялап, елдің көңілін күпті етіп қойды.
Қазбектің жазбасын оқырмандар әзіл ретінде қабылдап, бірақ, екеуінің ұқсас жақтарын жазып кеткен.