"Нұрлан мен Мұрат" тобының әншісі 5 әйелі барын айтты

0
4 864

Алайда, 5 әйелдің кейбірі тұрмысқа шығып кеткен.


"Жаулап алды махаббат" деп ән шырқап, ел ықыласына бөленіп жүрген Нұрлан мен Мұрат тобының мүшесі 5 әйелінің бар екенін айтып, елді таңқалдырды. Бұл жайында Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасындағы сұхбатында айтты, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.

Әйелдерінің бір-бірімен араласып, білісіп тұратынын мақтана айтқан Нұрлан мырза алты баланың әкесі. 12 баланың әкесі атану жоспарында бар екен. Бірінші, екінші және төртінші әйелдері қазіргі кезде тұрмыс құрып, бөлек отбасы атанған. Ал, заңды некеге үшінші әйелімен тұрған. Ең кіші әйелімен арасы жиырма жас.

Махаббат жасты талғамайды, оның қай тұстан келіп қалатынын сезбейсің деп ойлайтын әншінің әлі де ғашық болып қалуы мүмкін екен. Сезім соңына түсіп, махабаттың шырмауына ілескен қазіргі жастардың көп әйел алу ойын құптап отыр.

"Алладан жасырмағанды, елден жасырмаймын. Менің қазір бес әйелім бар. Барлығын жақсы көріп, махабатпен болған. Тұрмысқа шығатындары шығып кетіп жатыр. Олар бір-бірін біледі, араласып тұрады", - деді әнші.