"Ол солай қалады": Жанар Айжанованың қызы күйеуімен ресми некеде болмағандарын айтты

0
10 464

"Себебін өзім де түсінбеймін", - дейді Айжұлдыз.


Жақында ғана ана атанған Жанар Айжнованың қызы күйеуі қыранмен ажырасып кеткендіктерін айтып, желіде біраз талқыға түскен еді.

Ал кеше ол өздерінің ресми некеде болмағандарын айтты. Желіде белсенді Айжұлдыз Адайбекова оқырмандарымен сұрақ-жауап өткізген. Сондағы оқырмандардың "Сіз ажырасқансыз ба?" деген сұрағанына, "Жоқ! Біз ресми түрде некеге тұрып үлгермедік. Ол солай қалады. Себебін өзім де түсінбеймін" деген жауап қалдырған.


Сонымен қатар, "Қыранды анасының мінезі үшін тастап кетпеуің керек еді" деген пікірге, "Ішімдегі Назар 3 айлық кезде енеме аяқасты басқа келін керек болды. Өзі менің барлық киімдерімді жинаса, ұлы "Сені менің ата-анам қабылдамайды" деп тұр.

Оған мен ұнамадым. Менің шай құймайтыным, бас киім киетінім, түрім, блогер екенім, тіпті анам да ұнамады. Менің токсикоз болып жүргенім де ұнамады. Оларға 24 сағат үйде отыратын, шай құйып отыратын келін керек екен. Жолдасымның өзі солай айтты. Мені жүктілігіме қарамастан жылатып үйімнің алдына тастап кетті" деп жауап берген.