​«Олар біздің тойға киініп, таранып, қонақ боп келеді»: Гүлзира Айдарбекова келіндері жайлы айтып берді

0
3 603

«Балам мен келінім екі бөлек әлем екен»


​«Олар біздің тойға киініп, таранып, қонақ боп келеді»: Гүлзира Айдарбекова келіндері жайлы айтып берді

Белгілі продюсер, блогер Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова журналист Мақпал Қаратайға берген сұхбатында кіші ұлы Заңғардың не үшін ажырасқанын айтып берді.


«Өтірік айтуға тура келетін кездерім өте көп. Тек өзіме ғана қатысты мәселе болса бәрін ашып, қалай бар, солай айта салар едім. Алайда менің жасырған шындығымның артында қаншама адам тұр. Жолдасымнан бастап, оның бүкіл ағайындары, бала-шағам, келіндерім, немерелерім, қала берді құда-құдағиларымның абыройы тұр.


Заңғарым ажырасқанда қатты қиналдым. Менің енелік тәрбием дұрыс болмағаннан кейін келінім кетіп қалған сияқты, «Гүлекеңнің келіні кетіп қалыпты» деген сөздің өзі маған ауыр тиді. Бірақ менің қолымнан ештеңе келмеді. Ол баламның тағдыры, ол ертең ұрпақ сүйіп, өмір бойы бірге тұратын адамын өзі таңдауы тиіс. Келінімнің іздеген әлемі басқа болды. Біздің әлемге мүлдем дұрыс келмейтінін түсінгеннен кейін жай ғана кетуді жөн көрді. Балам да үйленген келіншегі өзінің адамы емес екенін білді. Бір жағынан балалы болмай тұрғанда кеткені де дұрыс болды. Егер арада бала болса, мен қандай қиындық болса да шыдап, екеуін ажырастырмауға бар күшімді салатын едім» деді Гүлзира Айдарбекова.


Қайраттың анасы келіндері үшін барын беруге дайын екенін айтты. Алайда сол еңбегін келіндері бағаламайтын көрінеді.


«Мен негізі келіндерім үшін жүрегімді жұлып беруге дайын тұрам. Өйткені ол сенің ұрпағыңды жалғастыратын адам. Бірақ сол махаббаттыңа бәрі бірдей лайық болмайды екен. Өйткені әрқайсысының тәрбиесі әртүрлі, өмірге деген көзқарастар бөлек. «Өз беттерінше өмір сүрсінші» деп еркін жібергенімнің де кесірі тиген шығар. Келін келін жолымен жүруі керек екен. Мен оларды тым өбектеп, «бұл да менің қызым ғой, ұйықтай берсін, біз көрген қиыншылықты көрмесін» деп еркелете берем. Ештеңеден мұқтаждық көрмесін деп шапқылай берем. Тіпті той істесем, келіндерім киініп, боянып қонақтармен бірге кіріп келеді. Кейбіреуі тіпті тойхананың қайда екенін білмейді. Дайынға әбден үйреніп алған. Олар менің жақсылығымды қазір түсінбейтін шығар, бірақ ертең ұл-қыздары өсіп, өздері ене болғанда бәрін ұғады. Сол кезде «енем дұрыс істеген екен» деп артымыздан дұға етсе болды» деді Гүлзира ханым.