"Оның кім екенін білмейтінмін": Мейрамбек Беспаевтың әйелі алғаш танысқан кездерін еске алды

0
11 385

"Қазақ әншісін танымайсың, бірақ тұрмысқа шығып алдың ба?" - деген желі қолданушылары оның сөзіне сенбейтіндіктерін аңғартты.


Аты аңызға айналған әнші Мейрамбек Беспаев "Алғашқы" бағдарламасына қонақ болып, өзінің сырларымен бөлісті. Бала кезден сақталған естеліктері, жанкүйерлерінің хаттарын көрсетті.

Сондай-ақ бағдарлама барысында әншінің жары Мархаббат сұқбат беріп, алғаш рет танысқан кездерін еске алды. Оның айтуынша, Мейрамбек Беспаевты, "Музарт" тобын білмеген екен.

Мархаббат: "Сыныптасым мені "посвящениеге" шақырған болатын. Барсам бір группа өлең айтып жатыр екен. Солар айтып болсын, сосын кіргіземін деді. "Жарайды" деп сахна сыртында күтіп тұрғанмын. Бір группа ән айтты, қыздардың бәрі жүгірет. Мен түсінбеймін, жалғыз өзім "Қыздар тез-тез болыңдаршы. Мені өткізіп жіберіңдерші" деп тұрған едім. Солай тұрғанымда Мейрамбек мені көрсетіп "Ана қыз суретке түспей ме?" деді. Сосын "танысайық, қыздар" дегесін атымызды айтып таныстық. Мен ол кезде "Музартты" танымаймын, Мейрамбек Беспаев кім екенін білмейтінмін" дейді.


Бұл видеоны көрген желі қолданушылары оның сөзіне сенбейтіндіктерін айтып, түрлі пікір жазып жатыр.

"Танымаймын деп қояды. Біздің өзіміз танимыз, бала кезден. Қалай танымайсың, өзіңше болған біреу болғансың ғой қазақ әншілерін тыңдамайтын", "Ой, сеніп қалдым", "Қазақ әншісін танымайсың, бірақ тұрмысқа шығып алдың ба?" деген сынды ойларын жазуда.