«Өз сөздеріңе жауап бересіңдер!»: Айнұр Тұрсынбаева жұртты ақіретпен қорқытты

0
1 127

«Біреуді талқылауға хақымыз жоқ»


«Өз сөздеріңе жауап бересіңдер!»: Айнұр Тұрсынбаева жұртты ақіретпен қорқытты

Айтыскер ақын сондай-ақ ешкімді талқылаудың қажеті жоқ екенін айтты.


Соңғы уақытта психолог болып қазақтың қыз-келіншектеріне ақыл-кеңесін беріп жүрген Айнұр Тұрсынбаева артық сөз айтатын оқырмандарына кеңес берді.


Әрбір екі адамның иығында екі періште отыратынын, әрбір сөзді олардың жазып отыратынын айтты Айнұр Тұрсынбаева.


«Ертең ақіретте өз сөздеріңе жауап беретін боласыңдар. Бірақ, өз сөздеріңіз үшін ол өмірде ғана емес, осы өмірде де жауап беретін боласыздар. Біздің біреуді талқылауға, сынауға хақымыз жоқ. Біреудің ісінде шаруамыз болмауы керек. Тек өзімізді ғана, өзіміздің өмірімізді ғана ойлауымыз керек», - деді Айнұр Тұрсынбаева.