«Блогер ән айтамын деп әншіге тіл тигізеді»
Белгілі әнші Гүлсім Мырзабекова жас таланттардың өз-өзін көрсете алмай жүргеніне қынжылады. Әншінің пайымдауынша, продюсерсіз, я директорсыз жүрген өнер адамдарын концерттік бағдарламалардан ысырып тастайды.
«Продюсері жоқ, танысы жоқ әншілерді сырттата береді. Оны 1-2 концертте өз көзіммен көрдім. Бізде ол жүйе әлі аздап бар. Оны ағалау керек, әпкелеу керек, сыйлау керек, ет асу керек. Ал жастарда ондай қасиет жоқ қой. Халық қалай ойлайды? Мысалы блогер де әнші, басқасы да әнші. Өйткені, фонограммамен айтуға болады деп ойлайды. Мысалы, бір блогер ән айтса, оны да әнші дей салады. Негізі ол әнші емес қой. Сосын ол бір жерде бояуы ағып жылап отырса «Ой, осы әншілер» деп әншілерге сын айтады. Сосын әншілер қауымына сөз тиеді. Мен үшін нағыз әнші Роза Қуанышқызы, Жұбаныш Жексенұлы», - дейді әнші.