"Өмірі өтіп кетуі де мүмкін" - дейді Мира Келімбетова.
Көпшілікке қайрат Нұртастың директоры ретінде танылған Мира Келімбетова да қазіргі кезде психологияға ден қоя бастаған сыңайлы. Өйткені соңғы жазбаларында сеанс өткізетінін, разборлар жасайтынын жарнамалап жүр.
Мира Келімбетова: "Соңғы уақытта маған трансформацияға келетін қыздардың көбісінің сұрағы “Өз-өзімді таппай жүрмін”, “Не үшін өмір сүріп жүргенімді білмеймін” деген сияқты. Біреу үшін күлкілі шығар, бірақ күлетін нәрсе емес… Себебі осылай өмірі өтіп кетуі де мүмкін. Менің жасайтын телесный сеансымнан кейін, адамға ең бірінші түсінік келеді. Кім ол? Не үшін өмір сүріп жүр? Кім үшін өмір сүріп жүр? Өмірге деген көзқарасы өзгереді. Өзіне, өмірге деген махаббаты ашылады. Бала кезіңізді есіңізге түсіріңізші, сол кездегі армандарымыз орындалды ия? Ал есейгеннен кейінгі армандарымыз неге орындалмайды? Немесе неге ұзақ күтеміз? Алладан келгенде таза боп келдік, энергиямыз таза, ниетіміз таза! Ал есейе келе адамның негативный эмоциялары қосылады ( ренжу, қорқу, сенімсіздік т.б), солай тап-таза боп келген энергиямыз ластанып, блок қойылады. Және әрбір негативный эмоция клеткаңызда сақталады. Менің сеанстарымның ерекшелігі сол блоктарды энергия арқылы жалпақ тілмен айтқанда қуып шығамын! Сеанстан кейін көзіңіз жанып, келген проблемаңыз Алланың қалауымен жоқ болады. Социумға тәуелді болмай, социум Сізге тәуелді болсын десең" ба
Соңғы кезде шоу-бизнес өкілінің көбі психолог, кеңесші болып кеткені жасырын емес. Мира ханымды да бұл салаға келгені үшін сынға алып жатқандар жетерлік.
Десе де оның консультациясына сұранып жүргендердің де жоқ емес екенін оқырмандардың пікірінен аңғару қиын емес.