Гүлзира Айдарбекованың кенжесі махаббат туралы өлең жазып, тыңдармандарын алаңдатып қойды.
Қайрат Нұртастың кіші інісі қазір өз тыңдармандарын қалыптастырып, көпшіліктің сүйіктісіне айналып келеді. Оның шаңырақ көтерген тойы дүркіреп өтіп, танымалдылығына әсер еткен еді.
Өкінішке орай, көп ұзамай қалыңдығы Жібек екеуі екі жаққа кеткен. Содан бері оның жеке өміріне деген қызығушылық екі есеге артқаны жасырын емес. Бүгін ол махаббат туралы өлең жазып, жанкүйерлерінің қызығушылығын оятып қойды.
Заңғар Нұртас: "Сені сүйемін аяулым себебі,
Келешегімнің кескінісін!
Әр таң сайын оянғым келеді
Тәтті дауысынды есту үшін".
Мұны оқыған желі қолданушалы оның жаңа махаббат кездестіргенін жорамалдаса керек, бірақ Заңғар өзінің әлі ізденісте екенін айтқан.
Желідегі оқырмандары оған ақ адал махаббат тілеп, "қазір фокусты басқа нәрсеге бөл" деп кеңес берген.