«Жының көтерілгенде елдің наласына ұшырадың»
Белгілі дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаеваның қазақтың сөздік қорына инста әлемде «халықты алдап ақша табатын инстасығандар» сөз тіркесін енгізгеніне біршама уақыт болды. Ол соңғы кездері әсіресе, психолог, коучтарға қатты шүйлігіп жүрген-ді. Енді «Қаңтардағы қақтығыс» кезінде тікелей эфирге шығып, «Сүмеңдеген ақтаулықтар! Елді азғырмай үйге қайтыңдар!» деп айтқан белгілі сынықшы Бағдагүл ханымға сөз арнады.
Ал желідегі оқырмандар: «Айекем, қазақтың ұлықтары қолдаған Айекем. Әр сөзіңіз хақ. АЛЛА Жар, Пайғамбарымыз Алланың оған игілігі мен салемі болсын, шапағатшы Пірлеріміз медеткер болсын!!!», «Не деген ащы шындық, мықты айттыңыз», «Ертегідегі жалмауыз кемпірлер мен мыстандар көз алдыма келді. Өте түсінікті тілде ,керемет жеткізесіз», «21-ші ғасырда...сауатсыздық па ,иман жоқ па...қазақтар ,не болып кеттіңдер, өзі?!» деген сияқты пікірлерін жазуда.