«Шанхай – біздің Шымкент боп қалды ғой» : Жырақта жүрген Димаш Құдайбергенов туған жерді сағынғанын айтты

0
2 718

«Елде жүргенде ештеңенің қадіріне жете бермейміз-ау!..»


«Шанхай – біздің Шымкент боп қалды ғой» : Жырақта жүрген Димаш Құдайбергенов туған жерді сағынғанын айтты

Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, әнші-актер Нұрлан Өнербаевтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Айтылмаған бір әнім бар» атты шығармашылық концертіне қатысқан бір топ әнші сахна сыртында Қазақстаннан жырақта, Қытай елінде жүрген Димаш Құдайбергеновпен бейнебайланыс арқылы тілдесті.


Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев парақшасында бөлісті.

«Дикошпен @kudaibergenov.dimash сөйлестік. «Шанхай - біздің Шымкент боп қалды ғой» деп қояды. Елде жүргенде ештеңенің қадіріне жете бермейміз-ау. «Таза ауасын, жылқының сүрленген етін сағынып, анамның күрең-қою шәйін аңсап жүрмін», дейді. Құдай бере салған құлыншақ, жолыңда жақсы жандар ғана жолықсын, тіл-көзден аман бол», - деп жазды «Мұзарт» тобының солисі.



Ал Димаштың жанкүйерлері «Алтын баламыз қайда жүрсе де тек аман жүрсін!», «Не деген қарапайымдылық» деп жазды.