"ШЕШЕСІ ЖЕТІСІП ТҰРҒАН ЖОҚ СИЯҚТЫ" - Кәмшаттың анасы қызын сынағандарға жауап берді

0
8 891

Қыздарын сынағандарға ананың айтары бар


Фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Көпшіліктің назарына жиі ілігетін Кәмшат Жолдыбаева өнер жолындағы өзінің кез-келген образын отбасы қолдайтынын айтады. Сыннан сағы сына қоймайтын қайсар әншінің анасы, қызына шүйліккендерге айтар назы бар екенін "Ел аузында" бағдарламасында жеткізді.

Экрандағы ашық сахналар, қазақ менталитетіне сай келмейтін бейнекадрларға көзі үйреніп қалған әншінің отбасы, өнерге келгенде еш қарсылық білдірмейтін болып шықты. Ал, өз әріптестеріне теріс көзқарас танытқан жұлдыздарға Жолдыбаевалардың анасы пікір білдірді.

"Екі адам отырса да екеуінің пікірі екі түрлі болуы мүмкін. Ол дұрыс емес. Өнерде жүрген өнер тарландарына теріс пікір білдіру деген дұрыс емес"-деп сөзін қысқа ғана білдірді Кәмшаттың анасы.

Ананың жетелеуімен бір отбасынан қос бойжеткен өнер сахнасында жүр. Алайда, оқырмандар олардың образдары мен киіну стиліне ата-анасының тарапынан шектеулер болу керектігін айтады,

"Ой, болды-ау әйтеуір. Анасы айтса болады ғой...", "Қандай ана тәрбиеледі екен деген ойда қаламын кейде қандай әке қызым дейді екен", "Шешесі де жетісіп тұрған жоқ сияқты", " Ата-анасы неге шектеу қоймайды екен қыздарына", " Ата-анасын да тәрбиелеу керек болар мүмкін",- деген толассыз пікірлер жазылып жатыр.

ERNUR.KZ