«Шоу бизнестің «мойнын бұрап»...»: Қыдырәлі Болманов ұлттық мәдениеттің өзегін сақтап келе жатқанын айтты

0
1 737

«Анау-мынау дауылға шайқалмайды да!»


«Шоу бизнестің «мойнын бұрап»...»: Қыдырәлі Болманов ұлттық мәдениеттің өзегін сақтап келе жатқанын айтты

Белгілі продюсер, әнші Қыдырәлі Болмановтың айтуынша, ұлттық мәдениет, ұлттық идеологияны музыкалық жоба арқылы насихаттаудың өрісі кең, тамыры терең.

«Қандай күш қолдансаң да шоу бизнестің «мойнын бұрап», өзіңе қарай бұрып, заманауи технологияларға сай құрал жасақтасаң болғаны...Анау-мынау дауылға шайқалмайды да. Тамыры тереңде болғаннан соң құнарлы су ішпек. Жапырағы саялы, жемісі дәруменді болмақ», - дейді Болманов өзінің «Ұлытау» тобының шетелде өнер көрсеткен видеосын сала отырып.


Желідегілер әншінің пікірімен толықтай келісті.

«Қазақ елін әлемге танытқан, қазақтың ұлттық өнерін, қос ішекті қара домбырамызды паш еткен«Ұлытау» тобы мәңгі жасай берсін! Керемет!», «Мақтанышымыз!», «Ұлытау супер», «КЕРЕМЕЕЕТ Тыңдай бергің келеді, Көре бергің келеді» деп жазып жатыр желідегі жұрт.