Сиви Махмуди Жанар Хамитованың өлімінің алдында ерекше түс көргенін айтты

0
1 940

Әнші, продюсер ​Сиви Махмуди марқұм болған Жанар Хамитоваға қатысты тың деректермен бөлісті.


Сиви Махмуди Жанар Хамитованың өлімінің алдында ерекше түс көргенін айтты

Сиви Махмуди аз уақыт болса да өнер жолында құрбысы болған Жанар Хамитова жайлы қаралы хабарды естімес бұрын ерекше түс көргені туралы "Ел аузында" бағдарламасында айтты.

Сиви Махмуди құрбысы туралы қаралы хабарды естімес бұрын түсінде суға батып бара жатқан көгершінді көргенін айтады.

"Сол күні мазам болмай жүрді. Өзім ауырып та жүріп, ұйықтап қалыппын. Түске таяу бір-ақ ояндым. Он екі - бірлерде тұрдым. Мазам болмай, ұйқыдан тұрайын десем, тұра алмай жатырмын. Түс көріп жатыр екенмін. Кішкентай әппақ әдемі көгершінді көріп жатырмын. Көгершін суға батып бара жатыр. Әп-әдемі өзі, көзі жұмылып, жаны кетіп бара жатқандай болды. Көзімді ашсам да, сол бейне көз алдымда кәдімгі өмірдегі сияқты тұрып қалды. Содан есімді жинай алмай соткаға қарасам, хаттар келіп жатыр екен. Көзімді ашып қарасам, Жанар туралы келіп жатыр" , - деді өнер иесі.

Оған қоса, Сиви марқұм болған құрбысымен соңғы кездесуін еске алды.

"Бізде Жанармен бәрі әдемі әрі жақсы басталып келе жатты. Танысқаннан кейін тез тіл табысып, өнерге қарқынды кірісіп те кеттік. Көңіл-күйі күшті, керемет құлшыныспен, өмірге деген жаңа леппен, талаппен жаңаша өмір сүріп келе жатқандай болды. Екеуміз бір-бірімізге бауырдай, апалы-сіңлідей болып кеттік қой. Ғажап қарым-қатынаста болдық. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ол менен кеткеннен кейін, біраз күйзелісте жүрді. Бір жарым айдай жұмыс жасамадық. Маған соңғы келгені - менің жол апатына түсер алдында болды. Келгеннен кейін мен оны тұрып жатқан үйінен алып кеттім. Өйткені телефонынан сездім күйзелісте жүргенін. Содан ол менің үйімде тұрып жүрді. Қайта әдемі атмосфераға түсті", - деп еске алады әнші.

Сондай-ақ әнші құрбысының жоқтығын енді сезініп, мойындап жатқанын, әлі де күйзелістен шықпағанын айтты.