"Сіздер бірге емессіздер ме?": Тағы да үй алатынын айтқан Жұлдыз Абдукаримова оқырмандарын ойға салды

0
14 595

"Үйіміздің құрылысын көріп кетуге келдік" деген ол сол маңнан сурет жүктеген.


Соңғы уақытта "Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримова бірге емес" деген әңгіме жиі айтылып жүр. Бұл әңгімені Жұлдыздың жаңа үйге көшкені одан сайын ушықтырған еді.

Бірнеше күн бұрын Жұлдыз тағы да жаңа үйдің құрылысы басталып жатқанын айтты. Құрылыс басында тағы да жалғыз жүргені оқырмандарды алаңдатып қойды.

Жұлдыз Абдукаримова: "Айттап” жаңа үйіміздің құрылысын көріп кетуге келдік. Әр баламыздың қалауын ескеріп, өзіміз армандағандай арнайы тапсырыспен болашақ үйіміз салынып жатыр. “Жұлдыз, өздеріңіз неге жер үй салып алмайсыздар?” деген сұрақтар да болды. Әр нәрсе өз уақытымен екен. Елорданың жасыл аймағынан, қаланың шуынан шалғай жерде әдемі қалашық салынып жатыр. Мұнда дайын үйлер де бар және тапсырыспен де салып береді.

3-12 соттық жеке меншік жеріңіз болады.
Газ жүргізіліп, орталық коммуникацияға қосылады.
24/7 күзет.
Ақылды үй жүйесі орнатылған. Кеше барып көшеттерін суарып кеттім. Құрылыс қызып жатыр. Енді болашақта керемет орта болар көршілер іздейміз".


Бұл жазбаны көрген оқырмандары "Неге жалғыз жүрсің?" "Сендер шынымен бөлек кеттіңідер ме? Бұған сенгім келмейді" деген сияқты пікірлер жазуда.

Әрине арасында үйіне құтты болсын айтып, өздерінің де сол жерде тұрғылары келетінін жеткізіп жатқандар баршылық.