«Стилистпен жұмыс істеуге ұялмау керек!» : Белгілі сәнгер Лилия Рах Димаштың стилін сынға алды

0
2 216

«Сахна – ол жаңалықтар мен жаңашылдықтарды жақсы көреді».


«Стилистпен жұмыс істеуге ұялмау керек!» : Белгілі сәнгер Лилия Рах Димаштың стилін сынға алды

Танымал сәнгер Лилия Рах әнші Димаш Құдайбергеннің сахналық киім кию үлгісін сынға алды. Сәнгердің айтуынша, атақты әнші стилистің көмегіне жүгінгені абзал, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

– Димаш Құдайбергенге стилист керек. Mezzo тобының жігіттері стилистерге жүгінгені дұрыс болған. Орыс стилист мамандары өзгеріс енгізді. Ол "Жаңа толқын" байқауының талабы болды. Бірақ жігіттер стилистер қажет екенін жақсы түсінеді, - дейді Лилия Рах.

Лилияның айтуынша, кез келген эстрада жұлдызы сәнді киінуге тырысуы керек. Себебі, оларға қарап жастар бой түзейді.

"Бәрі бірдей талғамы жоқ немесе киіне алмайды деп айта алмаймын. Керісінше, көргенде көз сүйсініп, көңіл тоятындай стилді әншілер өте көп. Бірақ, шоу бизнес шоу жасауға арналған орта екенін ұмытпау керек. Сахна ол жаңалықтар мен жаңашылдықтарды жақсы көреді. Сондықтан стилистпен жұмыс істеуге ешқашан ұялмау керек. Бұл ашық түсті, ерекше, барлық назарды өзіне аударатын киім нағыз шоу бизнеске арналған", - дейді сәнгер.

Сәнгер қазақтың ою өрнектерін пайдалану арқылы сәнді әрі стилді киінуге болатынын айтты.