​«Сүйіншіңе жанымды жұлып берем»: Сәкен Майғазиев ұлына жан сырын ақтарды

0
1 793

«Менің қиналғаным түк емес, Динараға 100 есе ауыр болды»


​«Сүйіншіңе жанымды жұлып берем»: Сәкен Майғазиев ұлына жан сырын ақтарды

ҚР Мәдениет қайраткері, «Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев ұлы Әділетпен сырласып, перзентті бола алмай жүрген жылдарын еске алды.


Өнер иесі үлкен ұлдары Әділеттен кейін балалы бола алмай біраз қиналған. Қанша дәрігерге емделіп, денсаулықтарын қалпына келтіреміз деп бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Осындай қиын қыстау күндерді есіне алған әнші 15 жылдың қалай өткенін айтып берді


«Сенен кейін біз Раянаны 15 жыл күттік. Сенің бауырларың болғанын қаладық. Сенің бауырларың, іні-қарындастарың болса деп армандадық. Мен балалы болуды қалай қаласам, әйелім одан он есе қалады. «Неге бұлай болды, қашан?» деп түртпектеп, мазасын алған жоқпын. Алланың есебі солай болған шығар, сынағы деп айтудан қорқамын.


Біз Динара екеуміз бір-бірімізді қолдап жүрдік. «Әлі жаспыз, болады. Болмаған күнде де Әділетімізден көп ұрпақ тарайды, солардың қызығын көреміз» деп жүрдік. Сөйтіп уақыт-сәтімен анаңның құрсағына перзент біткен кезде өзімнің анама, сенің әжеңе сүйінші сұрап хабарластық.


«Анашым, Құдай қаласа тағы да немерелі боласыз» деп астарлап жеткізген кезде, анашым «Сүйіншіңе жанымды жұлып берейін бе?» деп қуанды. Ойлашы! Өзін құрбан етуге дайын болды ғой. Қарап отырсаң, ананың махаббаты өлшеусіз екен, ал Алланың махаббаты шексіз екен», - деді Сәкен Майғазиев.


Айта кетейік, Сәкен Майғазиев кезінде өзі батасын беріп, аузына түкірген жетісулық Сезім Ертаңатов есімді бала Гарвардқа оқуға түскен болатын.