Әдебиет өкілі жиында Дулат Исабековтің отбасына көңіл айтып, туған-туыстарымен құшақтасып көріскенін, бірақ сол сәтте Бақытжан Бұқарбайдың болмағанын атап өтті.
Коллаж: stan.kz.
ERNUR.KZ. Ақын Ханбибі Есенқарақызы қаралы жиында не себепті сыйлық туралы сөз қозғағанын түсіндірді, деп жазады stan.kz.
Әдебиет өкілі жиында Дулат Исабековтің отбасына көңіл айтып, туған-туыстарымен құшақтасып көріскенін, бірақ сол сәтте Бақытжан Бұқарбайдың болмағанын атап өтті.
"Сыйлық туралы сөз қозғайын деген ойым болған жоқ. Тек Дулат ағаның прозаға келуіме үлкен әсер еткенін айтқым келді. Мемлекеттік сыйлық комиссиясының кейбір мүшелері менің прозаға қандай қатысым бар деп сұрағанда, сол жерде отырғандарға шындықты жеткізуді жөн көрдім. Сыпсың-сыпсың өсек айтпай, сол ауылда жүріп аянбай еңбек еттім. Алған наградаларым сол еңбектің өтеуі. Ақ үй жағалап, тамыр – таныс іздеу – менің табиғатыма жат нәрсе. Тырнақ астынан кір іздеген Бақытжанға жол-жөнекей қосыла кеткендер табылыпты", – деп түсіндірді ақын.