«Келінімнің туған күніне жақсы тілек жазыңыздар»
Белгілі әнші Роза Әлқожа келінінің туған күнін атап өтіп, оған аса ерекше сыйлық тарту етті. Енесінің тосын сыйлығын көрген келіні көзіне жас алды.
Роза Әлқожа былтыр ұлы Бейбарысты үйлендірген. Сахнаға енді қадам басып келе жатқан жас әнші Әсем есімді сұлу қызды өзіне жар етті. Жас келін биылғы туған күнін қайын жұртында атап өтті.
Бейбарыс Қаба келіншегіне соңғы үлгідегі «Айфон» сыйласа, Роза Әлқожа келініне құлынды бие сыйлап, көпшілікті таң-тамаша етті. Отбасылық мерекенің видеосын әншінің өзі «Инстаграм» парақшасында жариялады.
«Мамамның тосын сыйлығы – құлынды бие. Алла разы болсын, ғұмырыңызды ұзақ етсін!» деп алғысын білдірді келіні Әсем Болатова.
Ененің келініне берген ерекше сыйлығына желі қолданушылары да өз пікірін білдірді.
«Роза ханым, құлынды бие сыйлауыңыздың астарында не бар, қандай мағына береді?», «Үнемі ерекше бірдеңе істеп жүресіз, күшті бопты», «Келініңіз өзіңізден аумайды екен», «Келініңізден басында бағы бар екен, балаңызбен бақытты болсын», «Қандай тамаша көрініс, енді немерелермен қуана беріңіз», «Келініңіздің туған күні құтты болсын!» деп жазды көпшілік.