"Тамшы жас төменге құлай берді": Қарақат Әбілдинаның қызы туралы жазбасы елді елжіретті

0
16 236

"Сап-сап көңілім, сап көңілім деп жүргенде тағы бір жаңалықты біліп, еріксіз үміттеніп қоя бердім" - дейді әнші.


Жақында қызы Аяланың 4 жасын тойлаған Қарақат Әбілдина жүкті болған кезін есіне алып, қызды қалай күткенін айтып берді. "Тек ұл туатын әйел болармын" десе де үмітім үзілмейтін деген ол, қыз екенін қалай білгенін де оқырмандарымен бөлісті.

Қарақат Әбілдина: "Таңнан бері, жооқ, түннен бергі айтылып жатқан ақ тілек, жазылып жатқан жақсы сөздерге көңіліміз тойып, марқайып отырмыз. Аяла - расымен де халықтың қызы екен-ау!


Олай дейтінім, “көп тілегі қабыл” деген, кіл жақсылар көрген жерде қыздың затын сыйлап, кейбірі тіпті “қыз шақырып тұрсын”, “жұғысты болсын” деп сырға, сақинасын шешіп сыйлап жататын. Сол ақ ниет қабыл болғаны шығар, Алла бізді бір емес, бірінен кейін бірі - екі қызбен қуантты, тәуба!

“Әй, осы мен тек ұл табатын әйел болармын. Ендігі, келіндерім келсе солар қызымдай болар”... Сап-сап көңілім, сап көңілім деп жүргенде тағы бір жаңалықты біліп, еріксіз үміттеніп қоя бердім.

Қыз бала деген - тәтті бір арманым болатын. Алғашқы апталарда-ақ барып скрин жасаттым. Оның жауабы бір жеті, 10 күнде келеді екен, ал өтсейші!



Телефон шыр етеді,
Сонда менің жүрегім дір етеді! - дегендей, жүректі дір еткізіп, зертханадан хабарлама келіп түсті. Аша алмай бірааааз отырдым. “Иә Алла! Кім болса да Өзіңе шүкір еттім! Дені сау, ақыл-есі бүтін болсыншы” деп тілеп барып, ақырын ғана көз салсам: “ Красный бантик. Поздравляем! У вас будет девочка!” деп тұр. Ондағы сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тек тамшы жастар төменге құлай бергені есімде...

Есеп бойынша ай-күнім мамырдың ортасынан асып тұр,
“Қыдекеңнің туған күніне сыйлықтан біржола құтылар болдым” деген қулықты да ойлап қоямын.
Сахна, түсірілім, қуаныш-жиын, концерттер, көңілді ортада өтті бүкіл кезең. Балаға да сол атмосфера, көңіл-күй мықтап берілген болса керек, нәтижесі алдарыңызда. Өнер, фантазия, қылық деген төгіліп тұр, Алла тіл-көзден сақтасын!

“Қызыма” деген әнімдегі: Асықпын күнге сырласатұғын өзіңмен,-деген секілді қызым міне менің косметикаларымды қопарумен қатар сырласым болуға жарап қалды. “Мынау жақсы емес, осы жарасады” - деп ақыл береді.⠀
Сезімтал жаны нәзік, тұп-тұнық.
Бұл жазбаны бір жағы қыз армандап жүрген қыз-құрбы, келіншектерге арнап отырмын! Қызым болса деген тәтті арманыңыздан еш күдер үзбеңіз! Алла беремін десе әп-сәтте. Менің жолымды сізге беріп, үлбіреген қос қызғалдақтың анасы болыңыз, алтыным".

Бұл жазбаны оқыған оқырмандар, әсіресе перзент күтіп жүрген аналар ыстық тілектері мен сезімдерін аямай жазуда. Мысалы, олар "Аллаһтың берген 3 ұлымыз бар. Енді қыз болса екен деп армандап жүрміз. Сіздің жазбаңыздан кейін одан сайын қыз туғым келіп кетті. Әмин айтқаныңыз келсін", "Әумин.Маған бұйырсын! Жасым немере бағуға келіп калды. Келіндерімді қызым деп қабылдайын" деген секілді өз тілектерін де айтып жатыр.