Тоқалдыққа кастинг: Үміткер қыздардың арасында 18 жасқа енді толғандары да бар

0
6 332

"Идеальный тоқал деген - бәйбішеден кем емес"...


Тоқалдыққа кастинг: Үміткер қыздардың арасында 18 жасқа енді толғандары да бар

Әлеуметтік желілердің бірінде елді шулатқан тағы бір бағдарлама - "Тоқал болу ұят емес" жобасы пайда болды. Онда тоқал іздеген 45 жастағы еркек жобаға қатысушы тоқалдыққа үміткер 10 қыздың арасынан өз талабына сай келген аруды таңдайды.

Жобада ер кісі Whats App арқылы өз талаптарын чатқа жазады. Еркектің талаптарына сай келмеген қыздар орнынан тұрып шығып кетеді.

Үміткер қыздарға "маған бала туып бересің бе?", "пластикалық ота жасатқансың ба?" және т.б сұрақтар қойылған.

Тоқалдыққа үміткер қыздардың арасында 18 жасқа енді толғандары да бар.

Бағдарламаны көрген көрермендердің көпшілігі "Он сегіз жастағысының басына не күн туған? Масқараааа! Біреуін құрта алмай жатқанда мынау не енді?", "Осындай миға қонбайтын бағдарламаларды түсірмеңдерші", "Болмайтын нәрсе ғой ) Қазақ үшін ұят" деген сынды қолдамайтындарын білдіріскен пікірлерін қалдырған.