«Тоқалға кетәрі емес»: Қарақат Әбілдина Қыдырәліге ерекше тосынсый жасады

0
762

Өнер иесі асақаралы алпыс жасқа толды


«Тоқалға кетәрі емес»: Қарақат Әбілдина Қыдырәліге ерекше тосынсый жасады

Әнші, музыкалық продюсер Қыдырәлі Болманов 60 жасқа толды. Өнер иесіне ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хатын жолдады. Оны Мәдиент және ақпарат министрі Аида Балаева арнайы апарып, бағалы сыйлығын табыс етті.


Қыдырәлінің жары, әнші Қарақат Әбілдина жолдасына тосынсый жасап, Майра Ілиясова, Сәкен Майғазиев, Маржан Арапаева, Алтынай Жорабаева, Айгүл Иманбаева сынды өнердегі әріптестерінің, жанашыр дос-жарандарының басып қосып, керемет басқосу ұйымдастырып берді.


Туған күн кешінде Қарақат Әбілдинаның құрбылары алдын ала ойластырылған сценарий бойынша Қыдырәлі Болмановқа қуыршақ кейіпіндегі биші қызды ортаға алдырып, екеуін әбден билетті.


«Қазіргі мода бойынша мынау қызды «Мынау сенің тоқалың» деп айтып қалама деп зәрем ұшты. Жанымнан шықпайды, түрі де, аяқ-қолы да біртүрлі екен. Соңғы жылдардағы ең бір «қорқынышым» тоқал еді. Ойланып қалдым. Сөйтсем өзіміздің «бриллант» қыздар екен ғой», - деп әзілдеді Қыдырәлі Болманов.


Күйеуінің астарлы әзілін Қарақат та іліп әкетті. «Намекты» қара?! Не істейміз, ағайын? Ағам тоқалға кет әрі емес. Ол сізге ұнамаса айтпас едіңіз, ұнаған соң айтып тұрсыз ғой», - деп күлді өнер иесі.