«Тыржалаңаш жүр едім»: актриса Фариза Ескермес басынан өткен қызықты оқиғаны айтып берді

0
801

​Актриса осы жағдайдан кейін қоғамдық моншаға аздау бару керек екенін түсінген.


«Тыржалаңаш жүр едім»: актриса Фариза Ескермес басынан өткен қызықты оқиғаны айтып берді

Фото: fariza_yeskermes

ERNUR.KZ. Әнші, актриса Фариза Ескермес Хабар арнасындағы «Қызық Times» бағдарламасында басынан өткен қызықты оқиғаны бөлісті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ол Алматыдағы «Арасан» моншасында тыржалаңаш жүргенде фанаттарын кездестіріп қалған.

«Таңертең адам аз кезде хамамға кірдім. Моншада ештеңе оранбайсың ғой. Ол жерден тыржалаңаш, су-су болып шығып келе жатсам, екі жас қыз келе жатыр, олар да тыржалаңаш екен. Олар мені көріп, Фаризааа деп айқалап жіберді. Мен сасқанымнан «сәлеметсіздер ме» дедім. Олар да «сәлеметсіз бе» деп жатыр. Ондай кезде не істерімді білмей қалатыным бар. Біз «Нурикамалды» көрдік дегенде қатты ұялдым. Қыздар, біз моншадамыз ғой деп, екінші қабатқа көтеріліп кеттім.», - дейді актриса.

Фариза Ескермес осы жағдайдан кейін қоғамдық моншаға аздау бару керек екенін түсінгенін айтады.

«Ел бәрібір танып қояды екен», - дейді ол.