"Үлкен қызы өзіне ұқсайды": Маржан Арапбаева қыздарын көрсетті

0
2 983

Оқырман: "Енді ұл табыңыз!"


Талантты әнші Маржан Арапбаева өсіп қалған қыздарын көрсетті. Қазір түрік елінде демалып жүрген әнші оны қыздарымен бірге өткізіп жатқанын айтты.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасына "Кіммен қыдырып жүрсіз деген сұрақтарыңызға жауап. Өмірімдегі ең маңызды адамдарымның бірі, қыздарыммен бірге жүрмін. Үлкен қызым Амира 15 жаста, ортаңғы қызым Айлин 6 жаста" деп жазып, екі қызының суретін жүктеді.


Бұл суретті көрген оқырмандары әншінің қыздарының сұлулығына тәнті болып, әдемі тілектерін жазып жатыр.

Олар "Тіл-көзден аман болсын!", "Үлкен қызың өзіңнен аумайды", "Енді жолдасыңа ұл сыйла" деген секілді пікірлерін жаңбырша жаудырып жатыр.