«Үлкен сахнадан қиып тастай береді»: Наркенже Серікбаева Италияға іссапардан қағылғанына ренішін жеткізді

0
6 924

«Көп тауқымет тарттым»


«Үлкен сахнадан қиып тастай береді»: Наркенже Серікбаева Италияға іссапардан қағылғанына ренішін жеткізді

Белгілі дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева Италияға іссапарға баратындардың тізіміне енбегеніне, өз ұжымы оның өнерін бағаламайтынына ренішін жеткізді. Өз ұжымы дегені, ол Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясы. Өнер иесінің айтуынша, жуырда филармония ұжымы Италия мемлекетіне барғалы жатыр екен. Бірақ ешқандай тыңдалым, іссапар туралы ұжымның жиналысы өтпепті.


Филармония басшысы мен басқарма басшысы шешім қабылдап бір топ артистің тізімін шығарыпты. Тізімде қара шаңырақта 20-жылға жуық қызмет атқарған Наркенже Серікбаева енбепті.


Енді қазақтың киелі қара домбырасын арқалап әлем қазақтарына ән сап жүрген әнші тізімде неге жоқ екенін білгісі келеді. «Әлде репертуарым сәйкес келмей ме?», «Қазақ өнеріне деген құрметім мен сүйіспеншілігімді, жауапкершілігімді біле тұра неге бұлай болды?!» дейді ол.



Желідегілер Түркістан облыстық филармония басшылығының бұл әрекетіне наразылық танытып жатыр.


«Кең далада тамсанып тыңдайтын дауыс қой, шіркін», «Аққа Құдай жақ сіңлім ....Жеп тоймас жем қорлар бірдеңе дәметкен шығар сенен... Еңсең түспесін, әндеріңді сүйіп тыңдаймыз...», «Алла жар болсын. Шын талант иесі қай жерден де, жарып шығары сөзсіз. Аяқ асты тізім өзгеріп...., Италия елінде Қара домбырасын қолға алып НАРКЕНЖЕНІҢ әсем үнімен ән шырқауды бұйырсын. Тек Алға», «Наркенже әпкеміздің баратын орыны дұрыс бару керек. Қолдаймыз сізді», «Біздің елде әділдік барма өзі (Жоқ) Әділдік жоқ сайқымазақтарға төс белгі тағып құрметтейсіздер. Ал шынайы өнер адамдарын көрмейтін көр соқырсыздар. Бұл дұрыс емес Наркенжедей күміс көмей әнші қашан шықты жарқ етіп шыққан ешкім жоқ кезіндегі ығай сығаймен алғандар бәрі» деген сияқты пікірлерін қалдыруда.