Бір кездері "Тақырбас келін" атанып, желіні жарған шоу-бизнес өкілдерінің қазіргі жағдайы қалай?
Бұл сұрақтың көпшілікке қызық екені белгілі.
Бірнеше жыл бұрын MAKVIN лақап атымен танылған Нұрболат Базарбаевқа тұрмысқа шыққан Мулана ұл баланы дүниеге алып келген болатын. Әлеуметтік желіге оның суреттерін жиі жариялап, өзі үшін отбасының құны жоғары екенін жазбаларынан аңғартып отырады.
Бірде ол "Қызық, менің ұлым өскен кезде әкесі екеуміздің жас кезіміздегі суреттерімізді көріп не ойлайды екен?" деп жазған, енді бір жазбасында күйеуі екеуінің де мінезі "оңай емес" екенін айтқан әнші ұлының жүз пайызға әкесіне ұқсайтынын айтыпты.
Сонымен қатар жұлдызды жұптар өнерлерін дамытып, жаңа тректер де жазып жүр. Өз тыңдармандарын тапқан олар, әсем кештерде де жиі қонақ болады.