Гүлзира Айдарбекова: "Негізі билеп айту өте қиын екен, ентігіп бітесің!"
Гүлзира Айдарбекова өзінің сахнада ән айтқан видеосын жариялап, ыстық естелігімен бөлісті.
"Махаббат әлемі” ән кешінде жұптар өнер көрсетеді деген соң, қолымыздан келгенше билеп айтып тұрғанымыз ғой. Негізі билеп айту өте қиын екен, ентігіп бітесің. Тем более алғашқы шығуым ғой деймін. Нүрекең екеуіміз танысқанда мен мектепті енді ғана бітірген кезім, ал оның әскерден енді ғана келген кезі. Мені кешке үлкен ағам ешқайда жібермейді, сол себепті күндіз үнді фильміне шақыратын.
Сол шақтарға саяхат жасап, естелікке толы сөздермен Зуби-Зуби әнін Нури-Гули деп өзімізге арнап жаздырдық. Олай жаздыруымызға себеп: мені титтейімнен үйдегілер де, жақындарымыз да Гули деп атайтын. Ал Нүрекеңді достары Нури дейтін, ол гитарасымен тойларға шығып Түркістанның жұлдызы болып жүрген кездерінде!
Жүректен шыққан ән жүректерге жетеді демекші, осы ән қайда барсақ та сұранысқа ие. Кейде сауда үйлерін аралап жүрсек те, басқа қалаларда таксиге міне қалсақ та қойып қойғандары естіліп жатады. Видео әбден ескіріп кетіпті, бірақ баршаңызға ескірмейтін махаббат тіледім! 68-67-66-65 тер қайдасыздар!" деп видеосын жариялады.
Бұл видеоны көрген желі оқырмандарының кейбірі оның позитивті мінезіне тәнті болып, "Өмірді осылай сүру керек. Ешкімнің ой-пікірін естіп қажет емес" десе, келесі бір бөлігі оның дауысының жоқ екенін айтып, сынға алған.