​«Үндістанға барып қазақша ән салмадың ба?» - Желі қолданушысы актрисаға назын айтты

0
1 775


​«Үндістанға барып қазақша ән салмадың ба?» - Желі қолданушысы актрисаға назын айтты

Үндістанда саяхаттап жүрген актриса Анар Батырханның үнді тілінде айтқан әні желіні шулатты. Жергілікті халық ортасында үнді елінің әнір шырқаған видеосына пікір жазып, тамашалағандар саны көп болды.


Анардың үнді елінде жүргенін қолдаған желі қолданушыларының басым көпшілігі разы болса, арасында әзілдегендер де, тіпті, оның қазақша ән салмағана ренішін білдіргендер да баршылық. Тіпті, «осы қыз үндіге келін боп кетпесе жарар еді» деген сынды пікірлер де болды. «Үндістанға барап қазақ тілінде ән салмадың ба?» деген назын да жеткізіп үлгерді желі қолданушыларының бірі.

Бастысы, Анар Батырханның жазылушылары оның Үндістанға барған сапарын арманының орындалғанына балады. Жазылушыларының көпшілігі оның үнді халқының ортасында ұялмай ән айтқанына разы кейіпте екенін аңғаруға болады.

ERNUR.KZ