«Ұрғашының бәрі Қайраттың қатыны»: Айдарбекова ұлының «тоқалдары» туралы айтты

0
3 203

«Ойпырмай, тағы не ойладыңыз?!»


«Ұрғашының бәрі Қайраттың қатыны»: Айдарбекова ұлының «тоқалдары» туралы айтты

Қайрат пен Жұлдыздың отбасылық қарым-қатынасына алаңдаған жұрттың әңгімесі ғаламторда әлі де басылар емес. Соңғы уақытта танымал хит әншінің "екінші әйелі" туралы да қауесет көп. Ел арасында ұлы мен келініне қатысты тараған түрлі әңгімелерге қатысты сұрақтарға Гүлзира Айдарбекова жауап берді.


Атышулы продюсер бұл жолы Қайраттың "екінші әйелі" туралы әңгімені де ашық айтқан. Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі кезекті тікелей эфирде жұртты қызықтырған сауалдарға жауап берген. Продюсерге жолданған сұрақтардың басым бөлігі Қайраттың "екінші әйелі" жайлы.

"Екінші әйелі болған соң Жұлдыз ажырасып кетіп жүр ғой" дейді. Ойпырмай, тағы не ойладыңыз? Екінші әйелі жоқ қой, жаным-ау. Қайдан тауып алдың? Екінші әйелі болса ол да адам шығар. Ол да "мен Қайраттың әйелі болып шығамын" дейтін шығар. "Жұлдыз ұстап алыпты, екінші әйелі бар екен" деген әңгіменің бәрі хайп, интрига. Содан кейін Қайраттың туған күнінде Мальдивке барған қыз баласының бәрі Қайраттың қатыны бола ма екен? Айгүл деген құрбымның Жібек деген қызы бар. Соны да "Қайраттың қатыны" деп жазып қойыпты. Сол жаққа барған ұрғашының бәрін Қайраттың қатыны деп ойлаған ғой", - дейді Қайрат Нұртастың анасы.

Желідегілер Гүлзира ханымның бұл пікірімен келіспейді.

«Ұрғашы дегені несі? Негізі ұрғашы деген сөзді малға немесе жануарға айтады ғой. Адамға әйел заты немесе азаматша демей ме?!», «Келіскен екен баласын осылай халык алдында көрсетсе», «Мәдениетті сөйлесе қайтеді екен ұрғашылар демей» деген сияқты пікірлерін қалдыруда.