"Жаңа леп беретін күйеу тілеп жүрмін": Сиви Махмуди жеке өмірі туралы сұрақтарға жауап берді.

0
1 259

Сондай-ақ ол болашақ күйеуінің балаларына әке болуы керегін айтты.


Белгілі әнші Сиви Махмуди өзінің жеке өмірі туралы сұқбат беріп, тыңдармандары жиі қоятын сұрақтарға жауап берді. Ол ажырасқалы енді сұқбат беріп отырғанын және соңғы жаңалығы тұрмысқа шығайын деп жатқанын бөлісті.

“Тұрмысқа шығайын деп жатырмын. Кей адамдар шабытты махаббаттан алады, маған үш балам мен ата-анам шабыт береді. Енді өмірлік серігім өмірге деген құштарлығымды ашса, жаңа леп берсе екен деймін. “Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан” демекші, маған серік болатын, балаларыма әке бола алатын адамды Алладан тілеп жүрмін. Ажырасқаныма екі жыл болды. Екі жылда қарым-қатынасқа дайын болдым деп айта алмаймын. Бірақ қазір тұрмысқа шығуға дайынмын. Өзімді ретке келтірдім, ойды жинақтап, демалдым. 10-12 жыл отасып, ажырасу деген оңай емес. Өзіммен көп жұмыс істедім”, – деді Сиви Махмуди.

Сондай-ақ ол бұрынғы күйеуімен әуелден жақсы болмағанын және оның "көшеде өскенін" айтты.