«Жас қыздай ұшып жүр»: Жанар Айжанова бидің түбін түсірді

0
3 105

«Қартайғанда секеңдегені несі?!»


«Жас қыздай ұшып жүр»: Жанар Айжанова бидің түбін түсірді

Белгілі әнші Жанар Айжанова өнердегі өкшебасар сіңлісі Ақбота Керімбекованың туған күнінде бидің түбін түсірді. Ол инстаграм парақшасына билеген видеосын жүктеп, қонаққа барғанда бар ықыласымен көңілді жүруге тырысатынын айтты.


Өнер иесінің оқырмандары болса, бірі қолдап, екіншілері сынап пікір қалдыруда.

«Секеңдегеніңіз жарамады сонда да. Жас кезде секеңдемей, қартайғанда секеңдегеніңіз қызық екен. Әлде алжиын дедіңіз бе?», «Қимылы жеңіл, жас қыздай ұшып жүр», «Мен де солай, тымырайып сынап отыратындарды түсінбеймін, қонақта көңілді отырған дұрыс», «Отырып алып өзі билесе де, билемесе де әркімді сынап-мінеп отыратынды өз басым түсінбеймін. Адам қай жерге барса да шын ықыласпен бару керек. Мен де тойда бисіз қайтпаймын» деген сияқты пікірлерін жазуда.