​«Жасы үлкен болса да озып тұр»: Танымал әзілкеш Мереке Қалбаева енесіне үй сыйлады

0
1 307

«Нашар қатын екеніме көзім жетті»


​«Жасы үлкен болса да озып тұр»: Танымал әзілкеш Мереке Қалбаева енесіне үй сыйлады

Танымал әзілкеш, КВН ойыншысы Мереке Қалбаева қызылордалық енесіне Шымкенттен пәтер сыйлап, күтпеген тосынсый жасады. Өнер иесі қуанышын «Инстаграм» парақшасында бөлісті.


«Бастапқы кездерде енем Арсенді менен қатты қызғанып, мені онша жақтырмайтын. Мен де енеме жақын емес едім. Мамамды қатты сыйлап, жақсы көріп кетуіме өзімнің анам себепші болды.


Өз мамам «Мереке, сенің енең 2 ұлын өзі жалғыз өсіріп баққан. Солар үшін өмір сүрген. Ұлдарын үйлендіріп, өз еріктеріне жіберді. Ал өзі үйінде жалғыз, күнде түнде қорқып ұйықтап, қорқып тұрады. Сендер ұятсыз екенсіңдер. Сендердің орындарыңда болсам енеңді қолымызға алар едім. Бала-шағаң әжесін күнде көріп өседі. Арсеннің де көңілі тоқ болып жүрер еді» дегенде жылап жібердім. Енемді қатты жақсы көріп кеттім. Өзімнің нашар қатын екеніме көзім жетті.


Содан бері бірнеше жыл өтсе де мамамызды көшіріп алып келе алмай жүрміз. Ол кісі де дайын емес, біз де шын көңілден айтпай жатырмыз ба, білмеймін әйтеуір. Бір күні келетін шығар, Алла қаласа. Оған дейін қолымызданн келгенше сыйлықтарымызды жасап, қыдыртып жіберейік деп Шымкентке шақырып алдық. Жақында туған күні» деп жазды Мереке Қалбаева.


Ол жолдасы Арсен Әкиевпен бірге аналарын ертіп апарып, су жаңа пәтердің кілтін қолына табыстады. Өз кезегінде Мерекенің енесі келіні жайлы ойын айтты.


«Ару қызымның папасы мен мамасына үлкен рахмет. Өте керемет сыйлық жасап жатыр. Қуаныштан толқып тұрмын. Арсен балам үйленетін кезде «Ойбай, жасы үлкен қыз ғой, құрысын» деп бәрі қарсы болған еді. Құдай бәріңізге осындай келінді жұғысты етсін. Менің келінім бәрінен озып тұр» деп жүрекжарды лебізін білдірді Мерекенің енесі.


Айта кетейік, «Тек қана қыздар» КВН командасының мүшесі Мереке Қалбаева әріптесі, өзінен 6 жас кіші Арсен Әкиевке тұрмысқа шыққан Өнерлі жұп қазір үш бала тәрбиелеп, өсіріп отыр.